Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

САРАЛАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘМБЕБАП ОҚУ ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МОДЕЛІ

Жарияланған April 2025

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада саралап оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастырудың функционалдық моделі беріледі. Модельді дайындауда негізгі ұғымдарды, саралап оқыту және әмбебап оқу әрекеттерінің түрлері талданады. Әмбебап оқу әркеттерінің үш түрі жайлы түсіндіріледі. Олар: реттеуші, коммуникативті және танымдық. Реттеуші әмбебап оқу әрекетіне өзін-өзі реттеу, мақсат қою, жоспарлау, бағалау, өзіндік реттеу , өзін-өзі құрметтеу, бақылау, өзіндік әрекетін түзету жататындығы баяндалады. Ал коммуникативті әмбебап оқу әрекеттеріне ынтымақтастық, серіктесті есту, тыңдау және түсіну іскерлігі, келісімге келу, пікірталас жүргізу, ой-пікірін дұрыс білдіру, үйлесімді орындау, рөлдерді бөлу, бір-бірінің әрекеттерін өзара бақылау болатындығы айтылады. Танымдық әмбебап оқу әрекетін логикалық, танымдық және белгілік-символдық іскерліктері, мақсатты өз бетімен құрастыру, қажетті ақпаратты зерттеу, іздеу және іріктеу, оны құрылымдау, зерттелетін мазмұнды модельдеу, алгоритмдерін өз бетімен құру секілді іскерліктер сипаттайды.

Саралап оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастырудың функционалдық моделінде мотивациялық, когнитивтік, операционалдық және бағалаушылық компоненттер, оған сәйкес өлшемдер мен көрсеткіштер түсіндіріледі. Нәтижелерді талдауда бақылау және жксперимент топтарына жүргізілген анықтау кезеңінің жұмыстарының нәтижелері беріледі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жусип Э.М., Альмухамбетов Б.А., Еркебаева А.Н., . 2025. САРАЛАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘМБЕБАП ОҚУ ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Квіт 2025), 345–357. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.032.