Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ЖҮЙЕЛІЛІК ТҰҒЫР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ СИПАТЫ

Жарияланған April 2025

0

0

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университет
Аңдатпа

Мақалада болашақ мамандарды жүйелілік тұғыр негізінде оқытудың құрылымдық-мазмұндық сипаты теориялық және практикалық аспектілерде қарастырылады. Теориялық аспектілерде «жүйе», «жүйелілік тұғыр», «графикалық пәндерді оқыту» секілді ұғымдардың ммазмұны мен құрылымын философиялық, психологиялық және педагогикалық жағдайларда талдаулар жасалады. Жүйелілік тұғыр – табиғатта, қоғамда, ойлауда болатын үдерістерді зерттеуге таным мен диалектика теориясын қолдану формасы деп нақтыланады. «Жүйелілік тұғыр – күрделі жүйе» ретіндегі мазмұндық сипаты талданады. Мақалада графикалық оқытудың түрлері және оны жүйелілік тұғыр негізінде оқытудың маңызы баяндалады. Жүйелілік тұғыр негізінде болашақ мамандарға графикалық пәндерді оқытудың көрнекілік, ақпаратты түсіну, когнитивті дағдыларды дамыту, шығармашылық қабілеттерді дамыту, интерактивті оқыту мүмкіндіктері қағидалары түзіліп, оның функциялары анықталды.

Эмпирикалық талдаулар бойынша «Графикалық пәндерді жүйелілік тұғыр негізінде оқыту» атты элективті курсының бағдарламасы жасалып, оның қысқаша мазмұны ұсынылады. Болашақ мамандарға арналған анықтау кезеңінде 9 сұрақтан тұратын сауалнама нәтижелері сандық, пайыздық есептеулермен беріледі. Анықтау кезеңі Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетіндегі кәсіптік білім беру кафедрасының білім алушыларымен жүргізілді.  Графикалық пәндер бойынша студенттерге арналған сауалнама бойынша анықтау эксперименті кезінде бақылау тобы (62) респонденттерінің сауалнамаға берген жауаптарының нәтижелері талданады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тулеуова Г.К., Абдыров А.М., Есекешова М.Д., . 2025. БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ЖҮЙЕЛІЛІК ТҰҒЫР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ СИПАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Квіт 2025), 130–143. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.013.