Бұл мақалада оқушылардың сыни ойлау дағдысын арттыруда, және экологиялық білімін қалыптастыруда іс әрекетті зерттеу бағдарламасының тиімділігі анықталып, дәстүрлі оқыту, жалпы білім беру бағдарламасы мен салыстырғанда артықшылығы неде екендігі талданады. Мақалада далалық іс-шаралар, метеп аясында жүргізілген жобалармен ауқымды акциялар, оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, білімдерінің де толығуына ықпал ететіндігі, экологиялық біліммен қатар мәдениеттің қалыптасуына да түрткі болатындығы зерттелінеді.
Зерттеу нәтижесінде ұсынылған оқыту әдіснамасының негізгі принциптері оқушылардың білімінің тереңдеуіне әлеуметтік сыни тұрғыда талдау жасауына бағдар беріп танымын арттыратындығы талқыланады. Сапалы деректер алынуы үшін зерттеу топтарына 3 ай бойы іс- әрекетті зерттеу бағдарламасы аясында зерттеу жүргізіле отырып нәтижелер талқыланды. Оқушыға бағытталған оқыту әдістерінің көптеген түрлері және білім алушыларға бағытталған оқыту және олардың бірлескен іс-әрекеттері зерттеу тобындағы оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға үлес қосты. Зерттеуден кейінгі сандық мәліметтерге сүйене отрып, зерттеу тобындағы оқушылардың іс-шараларға белсенді қатысқандығын және олардың экологиялық мәселелерді шешуге қызығушылық танытқандығын, іс- әрекетті зерттеу модельнің оқушылардың экологиялық функционалдық сауаттылығын арттыруда тиімді екендігін көрсетті.
Қортындылай келгенде, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуы олардың білім деңгейінің артуына әсер ететіні зерттелінеді. Дәстүрлі оқыту формасынан ерекшеленетін тәжірибелер, барлық қолданған стратегиялар, педагогтарға экологияны оқыту аясын кеңейтуіне мүмкіндік береді.