Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БІЛІМ БЕРУ КЛАСТЕРІ САПАЛЫ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢАШЫЛ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ

Жарияланған September 2025

3

8

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет
Аңдатпа

Мақалада білім берудің кластерлік тұғырының өзектілігі, ерекшеліктері және ендірудің тиімділігі қарастырылған. Кластерлік тұғыр қалыптасуының тарихына шолу жасалынған. Әр түрлі салалардағы кластер ұғымының анықтамалары қарастырылып, оның білім беру саласында кластерлердің қалыптасуына әсері анықталған. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңінде кластерлік тұғырға жүгінудің алғышарттары атап көрсетілген. Кластерлік тұғыр білім беру саласында дәстүрлі басқару тәсілдерін терістейтініне мән берілген. Білім беру кластері білім беру қызметтері еңбек нарығында бәсекелестік үстемділіктерге қол жеткізу бағытында мүдделі тараптардың күш-жігерлерін біріктіруді болжайды. Білім беру ұйымдары өзара бірлесе немесе өндіріс, мәдениет пен өнер, денсаулық тағы да басқа мекемелер, білім беруді басқарудың жергілікті органдарымен бірігіп білім беру кластерін құрастырады. Мақалада әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарын кластерге біріктіру олардың бірін-бірі тәжірибесі толтыруы, ортақ әлеуетін арттыруы атап көрсетілген. Мұнда білім беру ұйымдары, білім беруді басқару органдары, өнідіріс пен мәдениет мекемелерінің ортақ мүдделері мен құндылықтарының маңызы жоғары. Білім беру кластері қатысушыларының өзара байланыстарын күшейту әрбір тараптың мүддесіне қызмет етеді, жаңашыл білім беру технологияларына жол ашады, білімдер мен тәжірибені бірігіп қолдануға жағдайлар жасайды. Сондай-ақ, білім беруді кластерлендірудің артықшылықтары, оның өнімдерінің кластер шеңберінен тыс таралуы, отандық педагогикалық шындықта жаңа құндылықтарды қалыптастыруы туралы қорытындылар жасалынған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Алметов Н.Ш., Болыс Г.С., . 2025. БІЛІМ БЕРУ КЛАСТЕРІ САПАЛЫ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢАШЫЛ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 81–91. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.007.