Мақалада магистранттардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Автор ғылыми педагогикалық, психологиялық, арнайы әдебиеттерді талдай келе, «цифрлық құзыреттілік» ұғымының мәнін ашуға тырысады. Ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, автор магистранттардың цифрлық құзыреттілігінің құрылымын ұсынады.
Зерттеудің мақсатына сәйкес магистранттардың цифрлық құзыреттілігінің құрылымын анықтау үшін түрлі көзқарастар мен ұстанымдар сараланды, соның ішінде цифрлық құзыреттілік – цифрлық технологияларды пайдалану саласындағы әртүрлі мәселелерді шешу қабілеттері деп түйіндесек болады, яғни ақпаратты іздеу мен бөлісуді, сұрақтарға жауаптарды, басқа адамдармен өзара әрекеттесуді және компьютерлік бағдарламалауды қоса алғанда, цифрлық технологияларды пайдалана отырып мазмұнды пайдалану және жасау. Цифрлық құзыреттілік цифрлық ынтымақтастық, қауіпсіздік және мәселелерді шешу қабілетін қамтиды. Сонымен қатар, цифрлық құзыреттілік өз құрылымында білім, білік, дағдыны кіріктіретін, жалпы және нақты қажет ақпаратпен жұмыс жасауда цифрлық ресурстарды тиімді таңдау мен пайдалану қабілеті құрайтыны анықталды.