Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

КОГНИТИВТІК СТИЛЬДЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПРОГРАММАЛАУ БОЙЫНША УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АДАПТИВТІ ОҚЫТУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ

Жарияланған December 2025

22

31

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары оқу орнындағы цифрлық білім беру ортасы жағдайында адаптивті оқытуды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Жеке тұлғаның когнитивті құрылымдары мен оқу контентімен өзара әрекеттесудің әртүрлі әдістеріне бейімділігіне негізделген Н. Флемингтің VARK оқыту стилі моделі ұсынылады. Сонымен қатар, Дж.Брунердің әдістемесі зерттеліп, негізгі ойлау түріне байланысты оқытуды жіктеу және оқу ақпаратын аналитикалықсинтетикалық өңдеуге жеке тәсіл анықталады.

Осы теорияларға сүйене отырып, «Информатика» мамандығы студенттеріне бағдарламалауды үйретудің адаптивті моделі әзірленіп, іске асырылды. Жүзеге асыру аясында сандық білім беру модульдері жасалып, Khan Academy платформасына интеграцияланды. Эксперименттік сынақ барысында студенттер оқу контенті олардың когнитивтік стильдеріне бейімделген курстардан өтіп, нәтижесінде оқу үлгерімі орта есеппен 15%-ға артты және алгоритмдер мен деректер құрылымдары сияқты күрделі тақырыптарды түсіну жақсарды.

Зерттеу нәтижелері ұсынылған модельдің білім беру үдерісінің сапасын арттырып, программалау саласын тереңірек игеруге мүмкіндік беретінін және оқытуды жеке қажеттіліктерге бейімдеудің тиімді екенін көрсетті. Зерттеудің маңыздылығы цифрлық технологияларды адаптивті оқытудың құралы ретінде пайдалану үшін теориялық және практикалық негіз беруінде, бұл цифрлық білім беру жағдайында ғылыми және білім беру ортасын дамытуға ықпал етеді.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Tekesbayeva N., Oshanova N., Anuarbekovа G., Turashova Sһ., Kami A. . 2025. КОГНИТИВТІК СТИЛЬДЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПРОГРАММАЛАУ БОЙЫНША УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АДАПТИВТІ ОҚЫТУ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 46–55. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.004.