Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ

Жарияланған July 2025

25

35

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Аңдатпа

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің эмоционалдық тұрақтылығын зерттеу бірқатар себептерге байланысты өзекті мәселе болып қала береді: бұл тақырыптың жеткілікті зерттелмегендігі, эмоционалдық тұрақтылыққа ие мамандарға қажеттілік және бұл қасиетті дамыта алатын мамандардың қажеттілігі. Эмоцио-налдық тұрақтылық жеке тұлғаның маңызды интегративті қасиеті ретінде болашақ бастауыш сынып мұғалім-дері үшін маңызды рөл атқарады. Дегенмен, осы күнге дейін бұл ұғымның нақты анықтамасы, сондай-ақ оның құрылымы, критерийлері, механизмдері мен қалыптасу шарттары туралы жалпыға бірдей танылған түсінік жоқ.

Мақалада эмоционалдық тұрақтылыққа қатысты зерттеулерге қысқаша шолу жасалған. Оның компонент-тері, критерийлері, көрсеткіштері және олардың өзара байланыстары қарастырылып, эмоционалдық тұрақты-лықтың нақты сипаттамаларын анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеудің нәтижелері ұсынылған.

Эмоционалдық салаға қатысты кез келген тұлғалық қасиет градация түрінде көрсетілуі мүмкін - төмен деңгейден жоғары деңгейге дейін, терісінен оңына дейін. Мақалада әртүрлі критерийлер мен көрсеткіштерді осы контексте қарастыру ұсынылады: мотивациялық критерий (әлсіз мотивациядан жоғары мотивацияға дейін), когнитивті критерий (білімнің толықтығынан олардың жетіспеушілігі мен жүйесіздігіне дейін), эмоционалдық критерий (эмоционалдық енжарлықтан шамадан тыс қозғыштыққа дейін), еріктік критерий (әлсіздік сезімінен және өзін-өзі бақылау дағдыларының болмауынан шамадан тыс сенімділік пен өзін-өзі бақылауға дейін), және коммуникативтік критерий (коммуникативтік енжарлықтан агрессивтілікке дейін).

Өткізілген эмпирикалық зерттеудің нәтижелері бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бір, екі немесе үш критерийдің дамуы басым болатын үш топ анықталды. Бір критерий басым болған бірінші топта коммуникативтік критерийдің басым болуы жиі кездеседі. Екі критерий басым болған екінші топта еріктік және эмоционалдық критерийлер басым. Үш критерий басым болған үшінші топта коммуникативтік, эмоционалдық және еріктік критерийлердің үйлесімі анықталды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Амзеева Г.А., Игенбаева Р.Т., Кудайбергенова К.Т., . 2025. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 144–155. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.013.