Бұл мақалада интеллектуалдық бұзылыстары бар тұлғаларды кәсіпке дейінгі дайындықтыңөзекті мәселесіқарастырылады. Арнайы мектептердегі оқушыларға кәсіптік бағдар берудің қазіргі жағдайы, мәселелері және олардың кәсіпалды даярлығының даму перспективалары талданады. Ақыл-ойы кемтарлығына ұшырған оқушылардың кәсіптік бағдарлауда және кәсіпке дейінгі дайындықта жүйелі және кешенді педагогикалық іс-әрекет арқылыдайындықтың олардың мектептен кейінгі өмір сүру мәселелерін шешу үшін маңызды екені дәлелденеді. «Кәсіпке дейінгі дайындық» ұғымының терминологиялық анықтамасы қарастырылады.
Мақалада интеллектуалдық бұзылыстары бар балалармен кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда белгілі бір проблемалардың бар екендігін көрсететін арнайы мектеп мұғалімдерінің арасында арнайы ұйымдастырылған сауалнаманың қысқаша нәтижелері ұсынылған: кәсіптік педагогтар арасында арнайы педагогикалық білімнің болмауы, бұл ақыл-ой кемтарлығына ұшырған балалармен осы жұмысты кәсіби түрде жүргізуді қиындатады; материалдық базаның әлсіздігі (жаңа жабдықтар мен заманауи материалдардың болмауы); технология кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі; ақыл-ой кемтарлығына ұшырған оқушыларды болашақ кәсіби қызметке ынталандырудағы қиындықтар.