Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДАҒЫ КОРПУС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ

Жарияланған September 2025

2

6

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
Аңдатпа

Мақалада қазақстандық білім беру аясында болашақ жоғары оқу орындарының оқытушыларын даярлауда корпустық технологиялардың маңыздылығы көрсетілген. Студенттердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту үшін педагогикалық үдеріске корпустық тәсілді енгізуге бірінші кезекте назар аударылады. «Ақ» және «қара» түс белгілерін зерттеуге арналған тапсырмалар корпустың дидактикалық мүмкіндіктерін тиімдірек пайдалану үшін лингвистикалық және пәндік мазмұнды, цифрлық дағдыларды және интерактивті біріктіру принциптеріне негізделген Орыс тілінің ұлттық корпусының көмегімен әзірленді. Корпусты талдау шеңберінде «ақ» және «қара» түс белгілерін қолдану контексті анықталды, атап айтқанда, метафоралар мен тұрақты тіркестердің қолданылуы, олардың семантикалық мағынасы мен эмоционалдық бояуы, сондай-ақ мәдени және тарихи шығу тегі. Оқу-шылардың өз бетінше білім алу дағдыларын, сондай-ақ ауызша және жазбаша құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді. Бұл тәсіл мұғалімнің жәрдемінсіз және оқу цифрлық формада сақталған тілдік деректердің септігімен, яғни корпус көмегімен жүзеге асатынын және мұғалімнің өзі куратор ретінде әрекет ететінін білдіреді. Оқу үдерісіне цифрлық технологиялардың енгізілуі сөздік қорды терең меңгеруге, фразеологиялық бірліктерді дұрыс қолдануға, ғылыми ізденіс дағдыларын, жазбаша және ауызша дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті. Талдау нәтижелері бойынша түс белгілері бойынша тапсырмалар жүйесі жасалып, фразеологиялық бірліктер мен метафоралар анықталып, семантикалық талдау жасалып, олардың эмоционалдық бояуы анықталды. Сондай-ақ фразеологиялық бірліктер мен сөз тіркестерінің мәдени-тарихи негіздері туралы пікірталас жүргізіліп, эссе жазу бойынша жазба жұмыстары, презентация және бейнеклип жасалынды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Акашева А.О., Бегалиева С.Б., Сегизбаева М.А., . 2025. БОЛАШАҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДАҒЫ КОРПУС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 269–279. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.024.