Бұл зерттеу орта білім беру жүйесіндегі оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен психологиялық әл-ауқатының факторларын кешенді талдауға арналған. Білім беру ортасы контекстінде жеке тұлғалық дамудың негізгі тұжырымдамалары (Erikson-ның психоәлеуметтік даму теориясы, Ryan & Deci-дің өзін-өзі анықтау теориясы, Gardner-дің көптік интеллект теориясы) және психологиялық әл-ауқат теориялары (Ryff & Keyes-тің психологиялық әл-ауқат моделі, Diener-дің субъективті әл-ауқат теориясы, Csikszentmihalyi-дің ағын тұжырымдамасы, Seligman-ның позитивті психологиясы) қарастырылады. Әдебиеттерді талдау негізінде оқушылардың жеке тұлғалық өсуі мен психологиялық әл-ауқатына әсер ететін негізгі факторлар (тұлғааралық қатынастардың сапасы, өзін-өзі жүзеге асыру және құзыреттілікті дамыту мүмкіндігі, мектеп ортасының қауіпсіздігі, мектептегі психологиялық ахуал және т.б.) анықталды. Анықталған факторларды кластерлеу жүргізілді, бұл өзара байланысты элементтер топтарын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді: мектеп ортасы мен ахуалы; әлеуметтік қатынастар, академиялық факторлар, мектептен тыс факторлар, жеке сипаттамалар, технологиялар және цифрлық орта. Зерттеу нәтижелері орта білім беру жүйесінде оқушылардың жеке тұлғалық дамуын қолдау және психологиялық әл-ауқатын жақсарту үшін тиімді стратегияларды әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ФАКТОРЛАРЫ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ КЛАСТЕРЛЕУ
Жарияланған September 2024
49
48
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сыздыкбаевa A., Саржановa Г., Kнисаринa M. . 2024. ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ФАКТОРЛАРЫ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ КЛАСТЕРЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 102–110. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.010.