Мақала ұлттық құндылықтар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансформациялық көшбасшы-лығын дамыту мәселесіне арналады. Әдебиеттерді зерделеу арқылы трансверсальді дағдылардың бір түрі – трансформациялық көшбасшылықты дамытудың қазіргі жайына талдау жасалып, ұлттық құндылықтарды, көшбас-шылықты қолданудың тәжірибесі және келешегі жайында қарастырылады.
Болашақ бастауыш білім педагогтерінің ұлттық құндылықтар арқылы ауыспалы көлденең, икемді дағдыларды дамытуға деген қызығушылығы жоғары екендігі негізге алынып, мақалада осы қажеттілікке сәйкес білім алушылардың трансформациялық көшбасшылығын дамыту мәселесінің өзектілігі айқындалды.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алушыларына және Қазақстан республикасы кәсіптік орта білім беру ұйымдарының басшыларына, университет оқытушыларына жүргізілген трансформациялық көшбасшылықты дамытуға бағытталған авторлық тренингтердің нәтижелері талданды. Зерттеу нәтижелерінде білім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген қатынастары мен көзқарастарының оң екендігі көрініс тапқан. Олардың ойынша, трансформациялық көшбасшылықты дамыту ұлттық құндылықтарға бағдарланған сапалы білім алуға, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
