Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Жарияланған September 2024

40

76

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Мақала болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігін негіздеуге арналған. Авторлар болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттілігінің теориялық аспектілерін зерттеп, орта білім беру жүйесінің мұғалімдерін даярлауда цифрлы технологияларды қолдану жағдайына сауалнама жүргізді. Болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін зерттеу мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижесінде олардың цифрлы құзыреттіліктерін дамытуға қажеттіліктің жоғары деңгейі анықталды. Респонденттердің пікірлері негізінде педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Заманауи педагог қолда бар цифрлық технологияларды, әртүрлі мәтіндік және графикалық редакторларды, ақпаратты өңдеу құралдарын, электронды презентациялар жасау үшін бағдарламаларды тиімді қолдананып, сонымен қатар жаңа технологияларды игеріп, өзін-өзі жетілдіруге және өзінің цифрлық сауаттылығы мен қажетті цифрлық дағдыларын дамытуға ерекше мән беруі керек деп ой қорытылған. Зерттеу ғылыми жоба мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірлескен ортасында жүргізілді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бузаубакова К.Д., Беделбаева А.Е., . 2024. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 169–177. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.016.