Мақалада болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары қарастырылып, зерттеушілердің осы бағыттағы зерттеу жұмыстарына талдау жасалды. «Педагогикалық шарт-тар» мазмұнына берілген анықтамалар талданып, оның негізгі құрамдастары анықталды. Осы зерттеу жұмысы барысында педагогикалық шарттарды анықтаудың кешенді әдістері талқыланды. Сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарында болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап көрсетілді. Болашақ педагогтерді кәсіби даярлауды ішкі және сыртқы педагогикалық шарттарына сипаттама беріліп, олардың мазмұны айқындалды. Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып педагогикалық шарттардың ұйымдастырушылық-педагогикалық, мазмұнды-педагогикалық және процестік-педагогикалық түрлері қарастырылды. Педагогикалық шарттардың кешенін құру және болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыруда осы кешендерді тиімді іске асыру инклюзивті білім беруде жақсы нәтижеге қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Педагогикалық шарттардың кешенін әзірлеу барысында қазіргі қоғамның талабын, әлеуметтік сүранысын басты назарға алу қажет. Елімізде инклюзивті білім беруге қабілетті, инклюзивті құзыреттілігі қалыптасқан педагогтерді даярлау қажеттілігі жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Сонымен қатар білім беру мазмұнына жаңартылған әдіс-тәсілдер мен әдістемелерді енгізу қажеттілігін тудырады. Болашақ педагогтердің инклюзиві құзыреттілігін қалыптастыру осы бағыттағы педагогикалық шарттар тиімді жүзеге асқан жағдайда ғана мүмкін болады.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ИНКЛЮЗИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Жарияланған December 2024
12
39
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
инклюзивті білім беру
инклюзивті құзыреттілік
педагогикалық шарттар
құзыреттер кешені
ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шуакбаева Ж.Р., Оспанова Б.К., Орынгалиева Ш.О., . 2024. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ИНКЛЮЗИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 150–159. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.014.