Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланған December 2024

49

66

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл мақала мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік дағдысын дамытуда қолданылатын әдістердің тиімділігін зерттеуге арналған. Қазіргі таңдағы жаңа технологиялар, жаһандану, демографиялық жағдайлар қоғамға жаңа өзгерістер әкелді. Алдыңғы ұрпақтарға жеткілікті болған білім – қазіргі уақытта табысты болу үшін жеткіліксіз. Сыни ойлауды, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды, әр түрлі мәселелерді шеше білуді, зияткерлік дағдыларды жұмыс берушілер мен білім беру саласының зерттеушілері ХХІ ғасыр үшін ең маңызды қабілеттер деп таныды. Қазіргі білім беру жүйесі адамдардың мақсаттарын өзгертті және білім беру бағдарламаларына дағдылардың барынша кең тізбесін енгізді.

Мақала зияткерлік дағдыны дамытудың маңыздылығын аша отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға қолданылатын әдістемелердің ерекшелігін атап көрсетеді. Барлық елдердің арасында адамдардың бойында бәсекеге қабілеттілігін ұзақ уақытқа әрі тиімді қалыптастыратын стратегия – білім беру болып есептеледі. Ол ХХІ ғасырда негізгі дағдыларды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. Белгілі бір бағыттағы осы дағдылардың әр түрлі конфигурациясына, ғылым, технология және тағы басқа салаларда орын алған өзгерістерге қарамастан, адамзат табысты болу үшін негізгі құзіреттер жиынтығы тұрақты болып қалыптасқан. Осыған орай, кез-келген білім дағдысына аса көңіл бөлу – қазіргі күнгі міндеттер қатарын толықтыратыны анық.

Мақалада мектепке дейінгі ересек топ балаларының зияткерлік дағдыларын қалыптастырудың экспери-менттік-эмпирикалық зерттеуі  мен ұйымдастырылудың ерекшеліктері қарастырылып, эксперименттік зерттеу нәтижелері сандық және сапалық тұрғыдан талданады. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда баланың физикалық, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерт-теушілік қабілеттерін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мәселесі басты назарда.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Izat M., Kolumbayeva Sh., Soliev I., . 2024. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 371–378. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.033.