Мақалада Қазақстандағы STEAM білімін дамытудың инновациялық тәсілі туралы баяндалады. «Caravan of Knowledge» жетекші білім беру корпоративтік қорының аясында «ZertteStudio» зертханасында ұйымдастырылған жазғы балалар лагерінде STEAM-білім бағыты бойынша орта буын оқушыларының қатысуымен жаттықтырушылар жетекшілігімен қалалық ортада өмір сүретін 12 жастағы ұлдар мен қыздардың антропометриялық көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы және олардың физикалық денсаулығына өзіндік бағасы жүргізілді. Жазғы лагерьге қатысқан барлық балалардың антропометриялық өлшемдері алынды. Өлшем нәтижелері арнайы анкеталарға енгізілді. Осылайша, оқушылар тарапынан кейінгі статистикалық және ғылыми талдау үшін бастапқы материалдар жиналды. Зерттеу авторлары сабақтар барысында STEAM-білім беруді тәжірибе жүзінде қолдануды көрсетті. Мақалада оқушылар өз бетімен құрастырған әдеби шолудың үзінділері келтірілген. Антропометриялық өлшемдердің бастапқы нәтижелерінің статистикалық мәнділігі Фишердің жұпталған критерийі арқылы тәуелсіз бағаланды. Маңыздылық айырмашылықтары P ≤ 0,05 болған жағдайда статистикалық тұрғыда мәнді деп есептелді. Алынған бастапқы деректердің статистикалық өңдеуі Microsoft Office құрамындағы Microsoft Excel бағдарламасы арқылы дербес компьютерде жүргізілді.
7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ ЖОБАЛЫҚ-БАҒЫТТАҒЫ ОҚЫТУ МЕН STEAM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жарияланған July 2025
48
34
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
STEAM-білім
антропометриялық көрсеткіштер
статистикалық мәнділік
Фишер критерийі
Эрисман индексі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Махмудова Л.Х., Икласов М.К., Махмудова К.Х., . 2025. 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ ЖОБАЛЫҚ-БАҒЫТТАҒЫ ОҚЫТУ МЕН STEAM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 302–312. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.027.
