Мақалада бастауыш сынып оқушыларының медиа сауаттылығын қалыптастыру мәселесі жайлы баян-далады. Бастауыш сынып оқушыларның медиа сауаттылығын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігі даусыз, өйткені бұл заман талабы болып табылады, сонымен қатар бұл қазіргі заманауи білім беру ортасында табысты оқытуға мүмкіндік беретін, тұлғаның цифрлық қоғамда әлеуметтенуінің маңызды факторы. Медиа білім беру ортасында бастауыш сынып оқушыларының медиа сауаттылығын қалыптастырудың маңыздылығын ашып көрсетеді.
Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін талдау негізінде, «Медиа», «медиа сауаттылық», «медиа білім беру ортасы» ұғымдарының мәні ашылады. Медиа білім беру ортасын, қауіпсіздікті, медиа құралдарын қолданудың нысаналы мақсатын және басқа салаларды пайдалану кезінде оқушылардың дербестік дәрежесін анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларынан, сауалнама алынып, нәтижелеріне талдаулар мен тұжырымдар жасалады. Зерттеушілердің пікірлері мен сауалнамалардың нәтижелеріне жасалған талдаулар негізінде жасалған қортындылары бастауыш сынып оқушыларының медиа сауаттылығындағы ең негізгі және аса қажетті бейімділіктерді нақтылап алуға мүмкіндік береді.
Түйіндей келе, бастауыш сынып бастап оқушыларының медиа сауаттылығын қалыптыру бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізу қажет. Бұл ретте педагогтар мен ата-аналардың тараптарынан біржүйелілік, кешен-ділік және цифрлық бейімділіктерді алу, әсіресе медиа қауіпсіздік дағдыларына үйрену үдерісіне жетілдіру керек деп қорытамыз.
