Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

"УНИВЕРСИТЕТ-МЕКТЕП" ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАҢА ФОРМАЦИЯНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ ДИРЕКТОРЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ

Жарияланған September 2025

2

4

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақала авторлары мектеп директорларын жаңа формацияның көшбасшылары ретінде даярлау процесінде интерактивті формалар мен әдістерді қолданудың өзектілігі мен маңыздылығын қарастырады. Білім беру жүйесін трансформациялау, цифрландыру және мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптардың артуы зерттеу мәселесін өзектендіреді. Мақалада қазіргі заманғы сын-қатерлер директордан басқарушылық қана емес, сонымен қатар стратегиялық ойлауды, эмоционалды интеллектті, педагогикалық ұжымды ынталандыру қабілетін, топтық жұмысты және инновацияларды енгізуді қамтитын көшбасшылық қасиеттерді талап ететіндігі негізделген. Тәжірибелік, ғылыми зерттеулерге жүргізілген талдау авторларға кейс-әдістер, тренингтер, іскерлік және рөлдік ойындар, фасилитация, коучинг, жоба-лық оқыту, менторинг, Action Research сияқты тиімді интерактивті оқыту әдістерін бөліп көрсетуге және өз тәжіри-белерінде қолдануға мүмкіндік берді.  Нәтижесінде авторлар бұл әдістер басқарушылық және көшбасшылық құзыреттілікті, сыни ойлауды, эмоционалды интеллектті және белгісіздік жағдайында шешім қабылдау қабілетін дамытуға ықпал етеді деген қорытындыға келеді.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Колумбаева Ш.Ж., Тілеп Б.А., Абсатова М.А., Айтенова Э.А., . 2025. "УНИВЕРСИТЕТ-МЕКТЕП" ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАҢА ФОРМАЦИЯНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ ДИРЕКТОРЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 110–122. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.010.