Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ИНЖЕНЕРIК - ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Жарияланған July 2025

39

43

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университет
Аңдатпа

Мақалада білім беру стандарттарының заманауи талаптары контекстінде инженерлік-педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша өзекті мәселелері мен стратегиялары қарастырылады. Мақала авторлары үздіксіз білім беру жүйесінің алдына қойылған мақсаттарды талдап, кадрларды тиімді оқыту мен дамытуға бағытталған құралдар мен тәсілдерді қарастырады. Мақалада біліктілікті арттырудың табысты процесін қамтамасыз ету үшін инновациялық тәсілдердің, соның ішінде заманауи технологиялар мен педагогикалық әдістерді қолданудың маңыздылығы атап өтілген. Зерттеу нәтижелері тұрақты даму мақсаттарын ескере отырып, инженерлік істі оқыту саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдыларды тиімді біріктіруге ықпал ететін біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу бойынша пайдалы ұсыныстар береді. Зерттеу білім берудегі қазіргі тенденцияларға шолуды және олардың инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру қажеттілігіне әсерін қамтиды. Бұл өндірістің технологиялық процесіндегі өзгерістерге, оқытудың жаңа әдістемелерінің енгізілуіне және еңбек нарығының талаптарына байланысты. Біліктілікті арттырудағы заманауи технологиялардың рөлі атап өтіліп, оның ішінде онлайн оқыту, виртуалды зертханалар, модельдеу және тиімді оқытуға ықпал ететін басқа да инновациялық әдістер, сондай-ақ оқу процесінде ересектердің психологиясын түсіну және ескерудің маңыздылығы көрсетілген.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Zykova N., Mendykulova G., Amralinova B.,Sarkambayeva Sh., . 2025. ИНЖЕНЕРIК - ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 212–224. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.019.