Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПЕДАГОГТЕРІН PROCREATE ГРАФИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТКЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ

Жарияланған December 2024

21

25

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Қазіргі цифрландырылған заманда иллюстраторлар мен дизайнерлер графикалық иллюстрацияны кәсіби дизайндық бағдарламалар негізінде жобалауда. Себебі, компьютер мен ғаламтор әлеуметтік қарым-қатынасты ғана емес, өндіріс процесін де өзгертті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Цифрлық трансформация жағдайындағы дағдылар мен құзыреттер» атты көпшілікке арналған дәрісінде ЖОО цифрландырудың артықшылықтарын баяндаған. Бұл дегеніміз, білім беру саласының дами түсуі, оның динамикасының жаңа өзгерістерге бетбұрыс жасауы, еліміздің тұтас дамуындағы жаңа белестің көрініс табуын көрсетеді. Жаңа белестің негізі білімнің, жаңа цифрлық технологиялардың, адамзат санасының жаңаша ойлау мүмкіндіктерінің тізгіні болатын инновациялық ойлау мен инновациялық әрекеттің қолданысқа түсуі бүгінгі күннің басты мәселесі екені белгілі. Сондықтан цифрлық өнерде əрдайым бір нəрсе жаңартылып, күн сайын жаңа технологиялар пайда болуда. Әрине, бұл болашақ бейнелеу өнері педагогтерінің цифрлық құзыреттілігін арттыруда жаңа мүмкіндіктерді ашады. Әртүрлі кәсіби дизайндық бағдарламаларды пайдаланып, өз шығарма-шылығын шыңдайды, заманауи технологияларды қолдана отырып, оқыту үдерісіне қажетті дидактикалық материалдарды дайындауғ мүмкіндік береді. Болашақта сұранысқа ие маман болу үшін жоғарғы оқу орын-дарында болашақ бейнелеу өнері педагогтерін дайындау барысында цифрландыру, әртүрлі заманауи техноло-гияларды үйрету және қолдану маңыздылыққа ие. «Procreate» графикалық редакторына деген болашақ бейнелеу өнері педагогтерінің қызығушылығы жоғарғы деңгейде болғандықтан мақаланың өзектілігін тудырады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Stambekova Zh., Yeraliyeva A., Maksotova T., . 2024. БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПЕДАГОГТЕРІН PROCREATE ГРАФИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТКЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 193–206. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.018.