Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАҒАЛАУ (ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ)

Жарияланған December 2021

186

148

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беру жүйесі туралы айтылады. Зерттеу барысында қосымша білім беру балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың жеке және академиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған өмір бойы білім беру жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылады.

Мақсаты: балаларға қосымша білім беруді теориялық негіздеу және оны мектеп жағдайында жақсарту тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Нәтижелер. Сауалнамаға Алматы қаласы Алмалы ауданының 15 мектебі қатысты. Іріктеме n = 54 мұғалімнен тұрды. Сауалнаманың формасы анонимді, ашық және 8 негізгі сұрақтан тұрады. Алынған деректерді талдау мектеп жағдайында қосымша білім беруді жүзеге асырудың формальды сипатын растайды.

Теориялық маңызы: балаларға қосымша білім берудің ғылыми-теориялық негіздері ашылды. Қазақстандағы қосымша білім берудің даму генезисі қарастырылған. Сингапур, Испания, Ұлыбритания, АҚШ және Швеция мысалында шетелде қосымша білім беруді дамытудың үздік тәжірибелері анықталды. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының тиісті статистикалық мәліметтерін ұсыну.

Практикалық өзектілігі: «Қосымша білім беру сапасын бағалау» авторлық сауалнамасы жасалып, оны мектеп жағдайында жақсарту тетіктері бойынша ұсыныстар берілді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сыздыкбаева А.Д., Сейдуалиева А.Н., . 2021. МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАҒАЛАУ (ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 271–278. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.31.