Мақалада әлеуметтік жауапкершілікті зерттеу жүйесіндегі желілік оқытудың кейбір ерекшеліктері қарастырылады. Негізгі педагогикалық категориялар - білім беру қызметі, білім беру ортасы, қазіргі заманғы технологияланған білім беру жағдайындағы оқу міндеттері туралы жаңа түсінік нақтылануда.
Әдебиеттерге ғылыми-теориялық шолу әр түрлі ғылым салаларында әлеуметтік жауапкершілік мәселесін зерттеудің жан-жақтылығын көрсетті: философия (Платон, Аристотель, Т. Гоббс, Дж. Локк, И. Кант және т.б.), құқықтану (А.Р. Корнилов) , А.Р. Лаврентьев, С.Н. Кожевников және басқалар), тұлғаны дамыту психологиясы (С.Л. Серебрякова, Л.М. Архангельский, А.А. Гусейнов және басқалар), педагогика (И.Ю. Новичкова, С.П. Акунина, В.Н. Лукин және басқалар). Зерттеудің дамуына корпоративті әлеуметтік жауапкершілік туралы бірнеше ғылыми еңбектер үлес қосты (F.Rosati, R.Costa, A.Calabrese, J.Lee, M.Cho және т.б.).
Шетелдік ғалымдардың (S.L.Davis, L.M.Rives, S.Ruiz‐de‐Maya) ғылыми-әдістемелік маңызы бар «Жеке әлеуметтік жауапкершілік: шкаланы әзірлеу және сынақтан өткізу» еңбегінде заманауи азамат ретінде адамның жеке мінез-құлқы қарастырылатын әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын әзірлеу қажеттілігін анықтайды. J.C.R.Sousa, E.S.Siqueira, E.Binotto, L.H.N.Nobre білім алушылардың әлеуметтену деңгейі мен оны талқылауына байланысты университеттердің оқу процессі субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілік қабылдауы жөніндегі зерттеулерінің нәтижелері маңызды. C.Roofe пікірінше, әлеуметтік жауапкершілік проблемасына ерекше көңіл бөлінбейді, сондықтан бұл – елдегі білім берудің адамгершілік-рухани болмысының үздіксіз төмендеуіне әкеледі.
Диагностика құралы білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігі проблемасына оқытушылардың жеке көзқарасы мен университет қабырғасында білім алушыларға қажетті жеке қасиеттері мен мінез-құлықтарын дамыту бойынша жұмыс сапасын анықтауға арналған сауалнама болды. «Әлеуметтік жауапкершілік туралы көзқарастар» авторлық сауалнамасы Марат Оспанов атындағы БҚМУ Ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің Биостатистика секторы мамандарымен растау рәсімінен өтті (Альфа-Кронбах: 660927 және Стандартталғ. Альфа: 669767).
Зерттеу нәтижесі – шығармашылық пен жеке тұлғаның қалыптасқан мәдени-әлеуметтік тәжірибесімен байланысы, бұл әлеуметтік жауапкершілігі дамыған сипаттағы мінез-құлықтың негізі болып табылады. Эмпирикалық танымның бастапқы әдісі ретінде бақылау нәтижесінде жарыққа шыққан, онлайн-білім берудің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік ерекшеліктері педагогтар мен білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін зерттеу жүйесінде мақсатына жету үшін өз қызметін уақытында түзетуге мүмкіндік береді.