Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Жарияланған December 2024

11

16

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет
Аңдатпа

Қазіргі Қазақстанда қоғамның әртүрлі әлеуметтік салаларында тиімді қолдау мен көмек көрсету үшін қажетті құзыреттерге ие жоғары білікті әлеуметтік педагогтарға қажеттіліктің өсуі байқалады. Бұл қажеттілік әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар санының артуы, білім беру сапасын жақсарту және білім беру мекемелеріне инклюзивті тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жастардың мәселелерін шешу сияқты қоғам алдында тұрған бірқатар мәселелерге байланысты. Осыған сәйкес әлеуметтік жұмыс пен педагогика саласында терең білімі, кәсіби дағдылары мен құзыреттілігі қалыптасқан, әртүрлі әлеуметтік сын-қатерлерге тиімді жауап бере алатын және халықтың әртүрлі топтарының әлеуметтік интеграциясы мен әл-ауқатына ықпал ете алатын мамандардың болу қажеттілігі артып келеді.

Мақала әлеуметтік педагогтің педагогикалық қызметке дайындығына әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында осы мәселенің негізгі аспектілері қарастырылады, әлеуметтік педагогтің дайындығы мен құзыреттілігіне әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және білім беру факторларына талдау жасалады. Зерттеудің негізгі мақсаты - осы саладағы кәсіби дайындықты одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында әлеуметтік педагогтің тиімді педагогикалық қызметке дайындығына әсер ететін факторларды анықтау болып табылады.

Зерттеу әдістемесі бойынша әлеуметтік педагогтің дайындығына әсер ететін факторларды талдау үшін біз әртүрлі зерттеу әдістерін, соның ішінде әдістемелік құралдар және инновациялық әдістерді, сондай-ақ алынған деректемелерді талдаудың қолданылу аясы зерттелді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ерсултанова Г.С., Толеубекова Р.К., . 2024. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 168–180. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.016.