Бұл мақалада қазіргі заманғы ғылыми пікірталастарды зерттеу және әлемдік тәжірибені қорыту негізінде «формальды емес білім беру» ұғымының теориялық сипаттамасы берілген. Дәстүрлi бiлiм беру жүйесiне формальды емес бiлiм беру принциптерiн енгiзу қажеттiлiгi: еркін академиялық белсендiлiктi қамтамасыз ету, оқытудың нұсқалары мен траекторияларын кеңейту, жеке тұлғаны дамыту, бiлiмдi үнемi толықтыруға және жаңа құзыреттер қалыптастыруға тұрақты қажеттiлiктi қалыптастыру негiзге алынған. Маманның тез өзгеретін өмір жағдайлары мен кәсіби іс-әрекеттеріне бейімделуі оның өмірдің барлық салаларында өзін табысты жүзеге асыруына мүмкіндік береді, бұл формальды емес білім берудің мақсаты болып табылады. Мақалада формальды емес білім берудің негізгі құрамдас бөліктері, оны жоғары білім жүйесінде енгізу нұсқалары көрсетілген. Студент – университет – орта сияқты элементтерді қамтитын формальды емес білім беру үлгісі құрылды. Үлгідегі әрбір қатысушының көзқарасы бойынша формальды емес білім беру қажеттілігін қалыптастыратын сұраныстар сипатталған. Формальды емес білім беруді енгізудің кейбір тәсілдері «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ тәжірибесінің мысалында көрсетілген. Мақаланың ғылыми-тәжірибелік маңызы формальды емес білім берудің ғылыми-білім беру әлеуетін көлемді таныстыруда, жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы мен өзін-өзі дамытуына ықпал ететін осындай білім беру ортасын құру тетіктерін ұсынуда қарастырылады.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТРЕНДТЕР КОНТЕКСТІНДЕГІ БЕЙРЕСМИ БІЛІМ
Жарияланған June 2024
58
42
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
формальды емес білім беру
құзыреттер мен дағдылар
өзін-өзі тәрбиелеу
тұлғаны дамыту
ынталандырушы орта
икемді білім беру траекториялары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кульгильдинова T.A., Сурова Д.С., Сарсембаева А.А. . 2024. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТРЕНДТЕР КОНТЕКСТІНДЕГІ БЕЙРЕСМИ БІЛІМ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 36–48. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.003.