Мақала мүмкіндігі шектеулі адамдардың жоғары білімге қалыпты оқушылармен теңдей қол жетімді болу мәселесіне арналған. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын кемсітуді жою мәселесі бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де өзекті. Зерттеудің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі талапкерлер үшін жоғары оқу орындарына түсуге әсер ететін кедергілерді анықтау, сонымен қатар оларды жеңу мен жоюдың жолдарын анықтау. Зерттеу жұмысы барысында аралас зерттеу әдістері қолданылды: сапалық және сандық. Зерттеуге Алматы облысы мектептерінің 10-11 сыныптарының 120 мүмкіндігі шектеулі оқушылары қамтылды. Сауалнама нәтижелері арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың университетке түсу кедергілері анықталды. Мақалада жоғары білімнің қолжетімділік деңгейін арттыратын мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін ЖОО-ға түсу кедергілерін жою моделі ұсынылды.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АДАМДАР ҮШІН ЖОҒАРЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ КЕДЕРГІЛЕР
Жарияланған June 2021
222
154
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Стамбекова А. С., Шмидт М. А., Ержанова Г. Ж., . 2021. ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АДАМДАР ҮШІН ЖОҒАРЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ КЕДЕРГІЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2021), 75–85. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-5496.09.