Мақалада оқушыларды концерттік орындаушылыққа дайындаумен байланысты қосымша білім беру мұғалімі қызметінің ерекшеліктері және оқушыларға концерттік іс-шаралар барысында қолайлы жағдай жасаудың қажеттілігі қарастырылған. Оқушыларды көпшілік алдында орындауға дайындау кезінде кездесетін кемшіліктер анықталып, музыканы оқыту процесінің негізгі кезеңдері қарастырылды. Музыка мұғалімінің қызметін талдау барысында дарынды оқушылармен жұмыс жасау кезінде музыкалық оқыту процесін ұйымдастырудың құрылымында мұғалімнің бірқатар педагогикалық қабілеттерін қамтитын педагогикалық дарындылықтың маңыздылығы анықталды. Зерттелген материал мен шет елдер тәжірибесінің негізінде автор бакалавр дәрежесі негізінде музыкалық-педагогикалық қызмет психологиясы, психологиялық-педагогикалық практикум және сахналық орындаушылық өнері сияқты профильді пәндер курсын енгізуді ұсынады, ал балалар музыкалы мектептерінде қызмет атқарып жүрген мұғалімдер үшін концерттік іс-шаралар барасында оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында қосымша білім беру мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курстарын енгізуді ұсынады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУШЫЛАРЫН КОНЦЕРТТІК ОРЫНДАУШЫЛЫҚҚА СӘТТІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФАКТОРЫ
Жарияланған June 2021
116
114
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
: қосымша білім беру мұғалімі
, педагогикалық дарындылық
концерттік іс-шаралар
дарынды оқушы
сахналық толқу
педагогикалық қабілеттер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Туреханова Ж. , Хан Н. Н, . 2021. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУШЫЛАРЫН КОНЦЕРТТІК ОРЫНДАУШЫЛЫҚҚА СӘТТІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФАКТОРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2021), 56–64. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-5496.07.