Аталған мақала болашақ мамандарды бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын цифрлық технологиялар негізінде қалыптастыруға даярлау мәселесін баяндайды. Цифрлық технологиялар бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдысын дамытуда жаңа тәсілдерді меңгеруді қажет етеді. Атап айтқанда, мемлекетіміздің білім беру ұйымдарының электронды ресурстарға қолжетімділігінің артуымен байланысты. Білім алуда цифрлық технологияларды пайдалану білім қорларынан оқу материалдарын белсенді, саралап меңгеруде коммуникативті дағдыларын дамытуға негіз болады.
Зерделенген теориялық талдауларда инновациялық технологиялардың ішіндегі бірегейі – Цифрлық технологиялар екендігі сипатталған. Аталған технология бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдысын дамытуда әлемдік білім кеңістігіне кірігуіне мүмкіндік беретін технология ретінде түсіндіріледі. Цифрлық технологиялардың қолданыс аясы кең - бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдысын дамытуды жетілдіруге байланысты өзекті мәселелерді талқылауда бір мақсатқа бағытталған вебинарлар, онлайн-семинарлар, онлайн форумдарда өз пікірлерімен бөлісіп, оны шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және оны әлемдік тәжірибеде қолданысқа ендіруге болатыны негізге алынады.
Ақпараттық қоғамның сұранысына орай, бастауыш сынып оқушыларының жаңа білімді өздігінен меңгеруі, цифрлық бағыттағы ғылыми жобаларға ұмтылуы және жобаны орындауы, жаңа білім алуда интернет желісінің қолжетімділігін толықтай пайдалану: бейнежазбалар, цифрлы оқу контенттері және т.б. коммуникативті дағдысын дамытудың базаларын құрайтындығы айтылады. Цифрлық технологиялар оқу мазмұнына байланысты таңдалады. Бұл оқытудың белсенді мазмұны идеясының дамуына жағдай жасайды, оған сәйкес мазмұнның негізгі көзі – кәсіби, коммуникативті, ұйымдастырушылық, өзін-өзі тәрбиелеу, оқытудың цифрлық технологиялары мен интербелсенді әдістерді қолданумен сипатталады.
Осындай цифрлық технологиялар тұлғаның дамуына ықпал ететін білім мазмұнының негізгі элементтеріне айналып, шығармашылық, сыни ойлау, қарым-қатынас, топтық жұмыс немесе «жоба» деген не екенін түсіндіру педагогикалық тұрғыдан «оның қалай жұмыс істейтінін» түсіну үшін оқыту технологиялары мен әдістерін қолдануды жеткілікті меңгеруі тиіс. Цифрлық технологиялар білім мазмұнын игеруде технологиялық тұрғыдан тиімді және басқа құралдар арқылы оларды меңгеруге деген ынтаны арттыруға мүмкіндік бере отырып оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамуына ықпал етеді.