Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сонда білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға керек жағдай жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпаратық технологиялардың пайдасы еліміз үшін маңызды.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Соңғы жылдары АТ игеру әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділігіне технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осығай сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – алдын-алу және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Қазақ драматургиясындағы ұлттық идеяны оқыту жүйесінде оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялау үшін білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану қолға алынып жатыр.
Қазақ драматургиясындағы ұлттық идеяны оқыту жүйесінде модулдік оқытудың дидактикалық жүйесі басқада дидактикалық жүйелер сияқты оқытудың мақсатарына сай жалпы дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарының құрлымын меңзейді. Модулдік бағдарламаларды құрастыруда әр түрлі тәсілдер байқалады. Даралық модулдердің мазмұны оқыту мазмұнын құрлымдау түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, ділгірлік және қолданбалы міндеттермен қамтамсыз етілуі керек.