Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫҢ КИБЕРМӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған December 2024

18

32

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың кибермәдениетін дамыту мәселесі соңғы онжылдықта жанданып, өзекті мәселелердің біріне айналуда. Қазіргі қоғам - ақпараттық технологияларды дамыту және әртараптандыру қоғамы.

Бұл мақалада авторлар отбасындағы қазіргі мектеп жасына дейінгі балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің жай-күйіне талдау жасаған. Айта кету керек, ХХІ ғасыр балаларының цифрлық бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияларды пайдаланумен байланысты дағдыларын әлемдік ғылыми, қоғамдық және ата-аналар қауымдастықтары белсенді зерттеп, талқылауда. Мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі ақпараттық ағынның қақтығыстарына ұшырайды, олар пайдалы және қажеттіліктен ашық агрессивті, манипуляцияға дейін өзгереді. Себебі, мектеп жасына дейінгі бала ақпараттар легін пайдалы, пайдасыз деп іріктей алмайды. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың кибермәдениетін дамытуда ересектердің, тәрбиешілер мен ата-аналардың атқаратын рөлі орасан зор.

Мақалада сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі ересек балалардың кибермәдениетін дамытудың педагогикалық аспектілері жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар мақалада авторлар кибермәдениетті дамытудың педагогикалық мәнін анықтауда бірнеше заманауи ғылыми-педагогикалық тәсілдерге сүйеніп, дамыту жолдарын «Киберкеңістік» бағдарламасы арқылы ұтымды дәлелдей алған.

Сондай ақ, мақалада ғылыми әдебиеттер талданып, мектеп жасына дейінгі ересек балаларда кибермәде-ниетті дамытудың әдістемелік мәселелері шешімін тапқан.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Асанханова Ж.Ж., Булшекбаева А.И., Онланбекқызы Г., . 2024. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫҢ КИБЕРМӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 378–390. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.034.