Бүгінгі білім алушы қажетті білімді өз бетінше ала отырып, өзгермелі өмірлік жағдайларда икемді бағдарлай білуі, яғни, сыни тұрғыдан ойлай білуі, туындайтын қиындықтарды көре білуі, оларды ұтымды жеңу жолдарын іздей білуі; ақпаратпен сауатты жұмыс істеуі; коммуникативті болуы; өзінің интеллектін дамыту үшін өз бетінше жұмыс жүргізу тетіктерін жақсы меңгерген болуы керек. Осыған орай оқу үдерісіне инновациялық әдістерді қолдану өзекті мәселелер қатарында. Мақала сыр сүлейлері шығармаларын оқыту практикасына оқытудың инновациялық белсенді және интерактивті әдістерін енгізуді және онымен байланысты қиындықтар мен шешілмеген міндеттерді қарастыруға арналған. Жұмыста мәселенің жай күйіне талдау жасалады және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау үрдісінде оқытудың аталған әдістерін қолдану жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынуға тырысады.
Интерактивті технологиялар білім беру процесінде субъектілердің қызметін жандандыруға және оларды дамытуға бағытталғандығы белгілі. Авторлар аталмыш технологиялардың педагог тарапынан ұйымдас-тырылған өзара іс-қимыл процесінде субъектілердің белсенділік дәрежесін қазіргі тәжірибемен салыстыру үшін атқаратын рөлі мен маңызын сипаттайды. Олар «белсенді» және «интербелсенді» әдістері (формалары) терминдерінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын зерделеген. Дегенмен, оқытудың «белсенді» және «интерактивті» әдістердің әртүрлі ішкі формалары бар, яғни олар әртүрлі құбылыстарды білдіруі керек. Оқытудың белсенді формалары негізінен мұғалімнің дайын білімді ұсынуына және оларды көбейтуге емес, белсенді танымдық іс-әрекет процесінде студенттердің білімді өз бетінше игеруіне бағытталған әдістер жүйесін қолдануды қамтиды. Олар білім алушының оқуға деген саналы көзқарасын, өз бетінше ойлауға, мәселені шешуге өз көзқарасын табуға, өз бетінше білім алуға деген ұмтылысын дамытуға бағытталған. Осы ойларды түйіндей келе «Сыр сүлейлері шығармаларындағы әдеби бейне және бейнелілік» тақырыбында элективті курсты өткізу барысында интербелсенді әдістерді қолдану әдістемесін ұсынады.