Мақалада жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі магистранттардың өзіндік жұмыстарын жүйелі орындауы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудағы негізгі база екендігі баяндалады. Теориялық талдауларда жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үдерісін зерттеудің түрлі аспектілері қарастырылады. Ғылыми еңбектер философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан талданып, мазмұны сипатталады. Өзіндік жұмыс философиялық аспектілерде өзін-өзі сақтауға, өз болмысын игеруге, оны қорғаған нəрсенің бəріне талпыну, айналамен(субъектілермен) табысу үдерісі секілді диалектикалық құбылыстары түсіндіріледі. Ал магистранттардың өзіндік жұмысы психология ғылымында мәні жағынан жеке қасиеттерге сүйеніп, туа біткен қабілеттіліктің түбірінде жоғары өсу динамикалығы көрінісі деп талданады. Педагогикалық талдауларда магистранттардың өзіндік жұмысы өте кең спектрлерді көздейді. Атап айтсақ, өзіндік жұмыс кезінде шығармашылық және реконструктивті деңгейдегі тәуелсіз қызметті ұйымдастыру; мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын тәуелсіз қызметтің логикалық жалғасы. Мақалада тәуелсіз қызметті жүзеге асыра отырып, білім алушылар танымының жоғарылауы және олардың хабардар болуының арқасында кейіннен өзіндік жұмысты орындау кезінде жоспарлау, жобалау және қызмет әдістерін қолдану жүзеге асырылуы мүмкін екендігі талданады. Магистранттардың өзіндік жұмысты орындауы арқылы өз әрекетін ғылыми, теориялық гипотеза тұрғысынан түсінуге және ғылыми өмірді түсіну мен тану тәсілі ретіндегі құндылығымен қоса өндіріс пен техниканың дамуына сай өндіріс күшінің қызметін атқара алатындығы негізге алынады. Бұл ретте магистранттың өзіндік жетілуін қамтамасыз ететін кәсіби әрекет саласын өздері таңдап, ғылыми ақпарат пен білім алудың әдіснамалық мәдениетін меңгеру жағдайында кәсіби құзыреттіліктің базаларын құрайтындығы айтылады. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудегі өзіндік жұмыс арқылы магистранттардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық маңызын құзыреттілік тұғыр және синергетикалық тұғыр, андрагогикалық тұғырлар құрайтындығы түсіндіріледі.
Мақаланың эмпирикалық бөліміндегі Т.И.Ильиннің «ЖОО-дағы білім беру мотивациясы» бейімделген сауалнамасы алынып, айқындаушы кезеңде нәтижелері талданады.