Мақала бастауышта болашақ мамандарды STEM зертханасын қолдануға даярлауға бағытталып, тиімділігін зерттеу нәтижелеріне сәйкес анықтауға негізделген. Бастауыш білім беру жағдайында болашақ мамандарды STEM зертханасын қолдануға даярлау мәселесі бойынша тақырып мазмұнын ашатын ғылыми еңбектер, мемлекеттік нормативтік құжаттар мен бағдарламалар талданған.
Болашақ бастауыш сынып мамандарын даярлауда олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуеттерін дамыту арқылы оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселесі қарастырылған. STEM зертханасын бастауыш сыныпта тиімді қолдану, оқу мен оқытуда оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін STEM технологиясының көмегімен жүзеге асырудың тиімділігі анықталған.
Зерттеу тақырыбын ашу мақсатында талданған ғылыми еңбектерді негізге алып, бастауыш білім беру жағдайында болашақ мамандарды STEM зертханасын қолдану мүмкіндігін айқындау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен арнайы сауалнамалар алынып, қорытындысы шыңарылған. Сонымен қатар мақалада ғылыми еңбектерді теориялық саралау нәтижесінде STEM зертханасын қолданудың мазмұны және білім алу мен білім берудегі тиімділігі әдістемелік тұрғыдан айқындалып, оны қолданудың мүмкіндіктеріне талдау жасалған. Бастауыш сыныптардағы STEM білім берудің ерекшеліктері айқындалған.
Ғылыми жаңалығы – Бастауыш білім беру жағдайында болашақ мамандарды STEM зертханасын қолдануға даярлау мүмкіндіктерін теориялық және әдістемелік тұрғыдан өзара байланысты қарастырудан тұрады.