Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАР МЕН ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған March 2024

85

72

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Аңдатпа

 Мақалада арнайы педагогтар мен инклюзивті білім беру мамандарын даярлау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеуді олардың жеке мүмкіндіктеріне қарай бейімдеу мәселелері қарастырылады. Қазіргі жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мүмкіндіктері өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеудің өзектілігі. Инклюзивті білім беруге қойылатын қазіргі нормативтік талаптар және білікті мамандар даярлаудағы негізгі мәселелерді зерттеу.

Мақалада қолданылатын әдістер ресми және заңнамалық деректерді талдау, сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша оқытушылармен жүргізілген сауалнаманы қамтиды. Сауалнама білім беру бағдарламасы бойынша маман-кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелерді анықтау және оны жетілдіруге  бағытталған.

Талдау көрсеткендей, негізгі мәселелер студенттердің тәжірибелік даярлығының қазіргі талаптарға сай болуы, оқу материалдарын, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістемелерін жаңарту, сондай-ақ еңбек нарығындағы арнайы педагог мамандарға деген сұраныспен байланысты.

Зерттеу нәтижелері Ақтөбе өңірінде инклюзивті білім беруді дамыту үшін маңызды мәнге ие және арнайы педагогтардың білім беру саласындағы стратегияларын қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ұсыныстар тиімді білім беру ортасын құруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Туребаева К.Ж., Рамазанова Д.Ж., . 2024. АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАР МЕН ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2024), 277–285. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.023.