Бұл мақалада «Дене шынықтыру және спорт мұғалімдерін дайындау», «Туризм», «Педагогика және психология» және «Математика» сынды білім беру бағдарламаларында білім алушы жоғары оқу орны білімгерлерінің қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижесі жайында баяндалған.
Ғылыми жұмыста Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде білім алатын жоғары оқу орныны студенттерінің пәнаралық байланыстарын назарға алу негізінде анықталған нәтижелер қарастырылған.
Мақалада жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламалары студенттерінің салауатты өмір салтын ұстану жағдайы мен олардың өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейін анықтауға байланысты жасалынған статистикалық талдаулар баяндалады.
Респонденттердің салауатты өмір салты мен өмірге қанағаттану деңгейлерін анықтау мақсатында, Динер, Эммонс, Ларсен және Гриффин әзірлеген (1985) «Өмір сүру сапасы» шкаласы қолданылды. Ғылыми зерттеу жұмысына жалпы саны 195 (оның ішінде 106 ер бала, 89 әйел) респондент қатыстырылды. Ғылыми зерттеу жұмысында респонденттердің шкалалардан алынған қорытындылары көрсетілген. Зерттеу жұмысына қатысушы респонденттерден алынған мәліметтер SPSS 20 бағдарламасында талданып, кестелер түрінде енгізілді және талдау жасалынды.