Мақалада шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттердегі болашақ педагогті кәсіби даярлауда коллаборациялық ортаны ұйымдастырудың мәні мен маңызы қарастырылады. Яғни, ПОҚ-оқытушы, оқытушы-топ, топ-ұжым, топ-студент, студент-студент арасында екіжақты «тең» және мүдделер бойынша өзара әрекеттесуді жүзеге асырудың жолдары көрсетіледі. Сондай-ақ, коллаборациялық ортаны құру студенттерге ұжымда (жұп-топ-аудитория стратегиясы) жұмыс істеуге, тақырыпқа ену сабаққа тез үйренуге, топ серіктесте рімен байланыс орнатуға және талқылау кезінде білім берудің жаңа идеяларын тез әзірлеуге және жариялауға көмектеседі, оларды терең қызығушылықпен, сыни тұрғыдан ойлана білуге, жаңа тәсілдерді қолдану туралы рефлексия мен қолданыстағы практикамен салыстырып, қорытынды жасауға ынталандырады. Жоғары білім беру жүйесіндегі коллаборациялық ортаны ұйымдастыру жаңа Қазақстанның болашақ мұғалімінің кәсіби даярлығына оң әсер ететін оның маңызды, ажырамас бөлігі болып табылады. Олай дейтініміз студенттердің топта, ұжымда бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс істеуін күшейтуге және болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығының сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне, нәтижесінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететініне сеніммен айтамыз.
в БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА КОЛЛАБОРАЦИЯЛЫҚ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Жарияланған March 2024
54
94
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
кәсіби құзыреттілік, практикаға бағдарлық оқыту, бірлескен іс-әрекет, кәсіби ынтымақтастық, коллаборациялық орта, топтық жұмыс
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Турарова А.Н.,Айтенова Э.А.,Оралымбетова Г.Ү., Сманова А.А. , . 2024. в БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА КОЛЛАБОРАЦИЯЛЫҚ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 82 (Бер 2024), 169–177. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.015.