Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЭСТРАДАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫНДАҒЫ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ ТАНЫМ

Жарияланған December 2024

0

0

Қазақ ұлттық өнер университет
Аңдатпа

Мақалада эстрадалық орындау үдерісін зерттеу әдіснамасындағы аксиологиялық таным мәселесі қарас-тырылып, міндеттерді шешу танымға құндылық-бағдарлық қатынасты және музыкалық шындықты өзгертуді көздейді. Музыкалық эстрада орындаушыларының әлемдік тәжірибедегі белгілі бір табыстарына қарамастан, оларды музыкалық білім берудегі ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау ғылыми және көркемдік білімнің әдістемелік аспектілеріне тұлғалық құндылық қатынастың маңызды базасын құруды талап ететін дұрыс шешімге ие болмады.

Зерттеудің әдіснамалық негіздерін жүзеге асыруда аксиологиялық талдау музыкалық білім беру аксиоло-гиясының негізгі «құралы» болып табылады, музыка орындаушысының тыңдаушы аудиториямен құндылық қарым-қатынасын зерттеудегі әдіснамалық бағытпен айқындалады. Олардың арасында қалыптасқан құндылық-семантикалық байланыстар екі жақтың да жеке тәжірибесін көрсететін, үнемі диалог жағдайында болған кездегі олардың қарым-қатынасының диалогтық сипатын аңғартады.

Аксиологиялық нұсқаулар музыкант үшін эстрадалық музыканың маңызды мазмұнының әдіснамалық негіздерін тереңірек еніп, түсінуге және олардың арқасында зерттеу үдерісіінің логикасын құруға мүмкіндік береді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Досанова К.К., Досанова А.А., . 2024. ЭСТРАДАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫНДАҒЫ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ ТАНЫМ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 23–34. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.003.