Мектеп білімі тез өзгеретін әлемге жауап ретінде өзгеріп жатыр, сондықтан мұғалімге білім беретін жүйе де өзгеруі керек. Қазақстандағы мұғалімдер білімін жаңғырту оқу бағдарламаларын жаңартумен және білімге негізделген экономикаға керекті зерттеулерге көңіл бөлумен байланысты. Педагогикалық білім берудегі жеке, ұйымдық және жүйелік деңгейдегі зерттеушілік әлеует халықаралық әдебиеттерде талқыланған зерттеу компонентінің сапалы дамуын қамтамасыз етеді. Бұл мақаланың мақсаты – қазақстандық контексттік әдебиеттерде зерттеуге бағытталған мұғалім білімі қалай талқыланатынын және бағдарламалық құжаттарда қалай қамтылғанын бақылау. Деректерді талдау және синтездеу үшін тақырыптық анализ қолданылды. Жалпы қазақстандық және халықаралық авторлардың он бес мақаласы мен алты бағдарламалық құжат талданды. Бағдарламалық құжаттарды талдаудан алынған негізгі тақырыптарға зерттеуге бағытталған мұғалімдерді оқытудың негіздемесі, зерттеуге бағытталған мұғалімдерді оқытуды енгізу жолдары және мұғалімдердің зерттеу құзыреттіліктері кіреді. Сонымен қатар, әдебиеттерге шолу зерттеуге бағытталған мұғалімдерді оқытуға даярлық, кездесетін кедергілер және зерттеуге бағытталған мұғалімдерді оқытуды әзірлеу бойынша ұсыныстар сияқты тақырыптарды талқылайды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МҰҒАЛІМ БІЛІМІ: БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕРДІ ТАЛДАУ
Жарияланған September 2024
26
49
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
зерттеушілік әлеует
зерттеуге бағытталған мұғалім білімі
бағдарламалық құжаттар
тақырыптық талдау
оқу бағдарламасы
құзыреттіліктер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Sarsenbayeva A., Mukhamejanova D., Kuchumova G., Zhaksybay M., . 2024. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МҰҒАЛІМ БІЛІМІ: БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕРДІ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 5–14. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.001.