Қазіргі заманда тұлғаның жаңа қажеттіліктерінің алға шығуы оларды қайта бағалауды, жаңа көзқарас-тардың пайда болуын талап етеді. Заманауи қоғам мектеп оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдау жүйесін дамытуды қажет етеді. Өйткені, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жағдайларының жиіленуі, «виртуалды» агрессияның таралуы жас ұрпақтың жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінің алдыңғы буын құндылықтарынан (толеранттылық, қарым-қатынас мәдениеті, мұқтаж адамдарға көмекке келу ниеті, жанашырлық қабілеті) ерекшеленетінін көрсетеді. Бұл проблемаларды бейінді мамандар, соның ішінде әлеуметтік педагогтің кәсіби көмегінсіз шешу мүмкін емес. Мұнда кәсіби білім беру жүйесін ескере отырып, қоғамның өзекті қажеттіліктеріне сәйкес болашақ әлеуметтік педагогтерге қойылатын талаптардың логикасы қалыптастырылады. Болашақ әлеуметтік педагог динамикалық ақпараттық-педагогикалық кеңістікті бағдарлап, мектеп оқушыларын әлеуметтік тәрбиелеуде инновациялық техноло-гияларды пайдалана алуы керек. Кәсіби дайындығы болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. «Кәсіби табыстылық» түсінігінің түсіндірмелері маманның тұлғалық және кәсіби даму жағдайларының өзгеруі нәтижесінде үнемі толықтырылып, өзгеріп отырады. Кәсіби табыстылықты қалыптастыру үдерісі тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуына, қоғамдық тануға қол жеткізуіне, өзін-өзі жүзеге асыруына бағытталған. Сондықтан адамның немесе адамдар тобының әлеуметтік белсенділіктің кейбір саласында басқалардан ерекшелендіретін жоғары нәтижелерге қол жеткізуін табыстылық деп түсінуге болады. Отандық және шетелдік ғалымдардың кәсіби табыстылықтың мазмұндық сипаттамасын қарастырған ғылыми еңбектеріне талдау жасалынып, студенттер мен оқытушылардың «кәсіби табыстылық» ұғымын қалай түсінетіні жөніндегі сауалнаманың нәтижелері ұсынылады.
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ТАБЫСТЫЛЫҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ
Жарияланған June 2024
63
36
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
: табыстылық
кәсіби табыстылық
әлеуметтік табыстылық
құзыреттілік
кәсіби құзыреттілік
ассоциация
мотивация
кәсіби мотивация
табыс мотивациясы
сапа
тәжірибе
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Утегенова М.С., Шолпанкулова Г.К., Муталиева А.Ш., . 2024. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ТАБЫСТЫЛЫҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 48–60. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.004.