Педагогикалық үрдісте болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып саналады. Себебі жаңашылдыққа деген белсенділік, іс-әрекетті меңгеруге деген талпыныс, инновациялық технологияларды саралап, қолдану қабілеті инновациялық іс-әрекеттің негізін құрайды. Мақалада инновациялық іс-әрекет ұғымын зерттеген отандық және ресейлік ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдаулар жасалып, болашақ педагогтің инновациялық іс-әрекетке дайындау мәселесі, дайындық талаптары, оны ұйым-дастырудың негізгі бағыттары қарастырылған.
Сонымен қатар, мақалада инновациялық бағыттардың бірі болып табылатын, Батыс Еуропада кеңінен танымал, бірақ қазақстандық педагогикада әлі қарастырылмаған «клакс-педагогика» (Klax-Pädagogik) заманауи білім беру бағыты туралы да айтылады. Клакс-педагогика – бұл жеке адамға бағытталған және оны дамыту мен білім беруде қолдайтын құзыреттілікке бағытталған ғылым саласы. Ол даму және оқыту үрдісінде қажет құзыреттерді сипаттай отырып, жеке үздіксіз оқу жоспарына сүйенеді.
Зерттеудің негізгі мақсаты – болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудағы клакс-педагогиканың ерекшеліктері мен негізгі қағидаларын көрсету.