Мақалада бастауыш сынып оқушысы дамуының әлеуметтік-педагогикалық жағдайы қарастырылған.
Әр жастың өзіндік психологиялық, физикалық және әлеуметтік даму деңгейі болатыны айтыла келіп,
сырты әлеуметтілік балалардың ішкі әлеуметтілігін дамытудың басты шарты екені көрсетілген.
Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік интеллектісін дамытуда мектептегі оқу іс-әрекеті жетекші
рөл атқаратыны және сол арқылы баланың қоғаммен негізгі қатынастары жүзеге асырылатындығына
тоқталған.
Ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, кез-келген жастың нақты, ерекше және қайталанбайтын
әлеуметтік даму жағдайы болатыны және дәл осы жағдай балаларды алға жылжытудың формасы мен
жолдарын анықттауға мүмкіндік беретіні айтылған. Сонымен қатар баланың дамуы көбінесе қоршаған
орта жағдайларына байланысты болатындықтан, олардың бұл дамуды ынталандыруы немесе керісінше
тежеуі мүмкін екені баяндалған.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Жарияланған December 2020
77
300
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Г.Ғ. Арынова, Г.И. Уайсова, . 2020. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 226–232. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.33.