Қазіргі уақытта, білім беру жүйелері ашық және инклюзивті болуға ұмтылған кезде және әрбір білім алушы білім алудың тең мүмкіндіктеріне ие болған кезде, осы саладағы шетелдік тәжірибені зерттеу ерекше құнды болмақ. Осы мәселе аясында дамыған елдерде педагогтарды инклюзивті білім беруге дайындау жөніндегі жұмыстарды талдау ісі Қазақстан тәжірибесінде де қолдануға болатын бірегей мүмкіндіктерді көруге негіз болады.
Бұл мақаланың мақсаты шетелде педагогтарды инклюзивті білім беруге дайындаудың табысты жолдарын ғана ашып қоймай, сонымен қатар осы мәселе бойынша Қазақстандық жүйемен де салыстырмалы талдау жүргізу болып табылады. Ғылыми зерттеу идеясы – педагогтарды инклюзивті білім беруге дайындау бойынша шетелдік тәжірибеде ең қызықты және нәтижелі тәсілдерді көрсету болып табылады.
Жүргізілген зерттеудің ғылыми маңыздылығы педагогтарды инклюзияға даярлаудың шетелдік тәжірибесін талдаудан тұрады, ал практикалық маңыздылығы педагогтарды Қазақстанда инклюзияға даярлауды жетілдіру және дамыту мүмкіндіктерінде жатыр.
Біздің еліміздегі осы өзекті мәселені зерттеу жолында түрлі шетелдік ақпарат көздерінен алынған деректерді жалпылау және оларды түсіндіру әдістері, эмпирикалық талдау ісі қолданылды. Шетелде инклюзивті білім беруге педагогтарды даярлау мәселесі бойынша талдау жұмысы біздің елімізде инклюзивті білім беруді іске асырудың ұқсас сәттері туралы қорытынды жасауға, шетелдік және отандық практика арасында параллель жүргізуге мүмкіндік береді. Жүргізілген аналитикалық жұмыстың нәтижелері инклюзивті білім беру жағдайында педагогтарды кәсіби іске дайындаудағы ықтимал қиындықтар мен қателіктерді болжауға мүмкіндік береді.
Мақала тақырыбы бойынша зерттеу материалдары ретінде шетелдік зерттеуші ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланды, сондай-ақ отандық тәжірибемен салыстырмалы жұмыс жүргізілді.
Өткізілген жұмыс қорытындыларының практикалық маңыздылығы педагогтарды инклюзивті білім беруге дайындау бойынша білім беру бағдарламаларын жасау кезінде алынған деректерді пайдалану мүмкіндіктерінен тұрады.
Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, шетелдік тәжірибе, педагогтарды даярлау, ерекше білім беру қажеттіліктері, шектеулі мүмкіндіктер.