Бұл ғылыми мақала сандық технологияларды қолдану арқылы жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде кәсіби-негізделетін құзыреттілікті қалыптастыруды талдауға және зерттеуге арналған. Ғылыми мақала «кәсіби-негізделетін құзыреттілік» түсінігін зерттеуден, оның субқұзыреттіліктерін таныстырудан, жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде кәсіби-негізделетін құзыреттілікті қалыптастыруға арналған сандық технологияларды қолдану әдістемесін ұсынудан және оны тәжірибе негізінде тексеруден тұрады. Ғылыми мақаланың теориялық маңыздылығын анықтау үшін ғылыми жұмыстың тақырыбына байланысты әдеби дереккөздер талданды және зерттелді. «Кәсіби-негізделетін құзыреттілік» түсінігіне анықтама берілді. Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдірінің кәсіби-негізделетін субқұзыреттіліктері таныстырылды. Жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде кәсіби-негізделетін құзыреттілікті қалыптастыруда сандық технологияны қолданудың маңыздылығы сипатталды. Жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде кәсіби-негізделетін құзыреттілікті қалыптастыруға арналған сандық технологиялардың түрлеріне талдау жасалды. Сандық технологиялар қатарына кіретін блокчейн технологиясының кәсіби-негізделетін құзыреттілікті қалып-тастырудағы қолданысы сипатталды. Жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде кәсіби-негізделетін құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесі құрастырылды. Кәсіби-негізделетін құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесі тәжірибеде тексерілді. Өткізілген тәжірибеге талдау жасалды. Жасалған талдау негізінде тәжірибенің нәтижесі шығарылды.
САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖОО-НЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ-НЕГІЗДЕЛЕТІН ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған June 2024
33
40
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
кәсіби құзыреттілік
кәсіби дайындық
кәсіби-негізделетін құзыреттілік
сандық технологиялар
блокчейн технологиясы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мендекенова А.Д., Джусубалиева Д.М., . 2024. САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖОО-НЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ-НЕГІЗДЕЛЕТІН ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 227–235. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.020.