Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ТІЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ШЕТТІЛДІК КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған June 2024

25

44

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университет
Аңдатпа

Қазіргі білім беруде кәсіби білікті мамандарды даярлау өзекті болып отыр. Бұл маманнан өз іс-әркетіне мақсат қоя білуі, оған жетудің жолдарын анықтау. Бұл маөсатты жүзеге асыра отырып, нәтижеге жетудегі жауапкершілікті өз құзырлылығына алу бірнеше міндеттерді талап етеді. Осыған сәйкес, автор магистранттарда  қалыптасатын кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейін алдыңғы қатарға шығару керектігіне баса назар аударған. Автор зерттеулердің алуан түрлілігіне қарамастан, магистранттардың шеттілдік кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселесі көптеген себептерге байланысты, оның ішінде маманды даярлау процесінде әдістемелік және оқу-әдістемелік құралдардың болмауын атап өтеді. Сондықтан да, автор «Жоғары мектепте қазіргі шеттілдік білім беру әдіснамасы» курсының маңызын көрсетеді. Мақалада көрсетілген басты мақсат-  мәдениетаралық коммуникациялық құзіреттілікті қалыптасқан және оны тиімді жүзеге асыра алатын маман даярлау. Мақалада  магистранттардың шеттілдік кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы  берілген тақырыпшалар  болашақ маманның өз ісін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, дұрыс қарым-қатынас орнықтыра алу қасиеттері де ауқымды көлемде ашылған. Мақалада автор құзыретті әдістің маңыздылығына да тоқатлып өткен. Курстың мақсаты – шетел тілін оқытудың бастысы – жеке тұлғаның мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілігін дамытуды өз педагогикалық тәжірибесінде табысты жүзеге асыра алатындай болашақ шетел тілі мұғалімдеріне қажетті сапалы дайындықты қамтамасыз ету. Бұл магистранттардың басқа мәдениет өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу қабілетін дамытуға ықпал ететін шетел тілін оқытудың принциптері мен әдістеріне негізделген. Бұл мақалада «Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың заманауи әдістемесі» курсын қолданудың нәтижелері сипатталған. Курстың мақсаты – шетел тілін оқытудың бастысы – жеке тұлғаның мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілігін дамытуды өз педагогикалық тәжірибесінде табысты жүзеге асыра алатындай болашақ шетел тілі мұғалімдеріне қажетті сапалы дайындықты қамтамасыз ету. Бұл магистранттардың басқа мәдениет өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу қабілетін дамытуға ықпал ететін шетел тілін оқытудың принциптері мен әдістеріне негізделген.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Akhmetova M., Orynbayeva U., Kassymbekova M., Zhyltyrova Zh., . 2024. ТІЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ШЕТТІЛДІК КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 176–193. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.016.