Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру
мәселелесі жайында жазылған. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында коммуникативтік дағдыларды
қалыптастыру мәселесі өзекті әлеуметтік-педагогикалық мәселе болып отыр, демек балалардың білім
деңгейінің оң шешім табуы, педагогтармен және құрдастарымен өзара тұлғааралық іс-қимылдың
тиімділігі және жалпы-балалардың әлеуметтік бейімделуі әлеуметтік педагогтарға байланысты болмақ.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың бірі-біріне деген коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда
түйінді теориялық ой-пікірлер мен жеке ұғымдарына талдау жасалды.
Мақалада «коммуникация», «коммуникативті дағдының» жеке ұғымдарына әлеуметтік тарихи
түсінігі қарастырылып, қарым-қатынас компоненттерінің іс-әрекет ретінде топтастырылуы, коммуникативтік іс-әрекет, коммуникативтік дағды, коммуникативті қабілеттердің компонентерін талдауы
қарастырылады.
Авторлар коммуникативтік дағдылардың қалыптасуы кезінде жас шамасындағы балаларда құрдастарымен жағдайлық іскерлік қарым-қатынастағы қажеттілік пайда болатынын белгілейді. Бірлескен ойын
әрекеті қарым-қатынастың мазмұны ретінде болады, құрдастарынан құрметтеу мен қадірлеуге деген
қажеттілік туындайды. Қарым-қатынас шеңберін кеңейтуде баладан негізгісі сөйлеу тілі болып
табылатын қатынас құралын толыққанды игеруді талап етеді.
Сонымен қатар қарым-қатынас компоненттерінің коммуникативтік іс-әрекет ретінде топтастырылды
және коммуникативтік дағдының әрекеті жүзеге асырылатын амалдар, коммуникативтік қабілеттердің
компоненттері қарастырылды.