Креативті ойлау - жаһандық білім беру жүйесінде білім алушыларда қалыптасуы тиіс басты қабілеттер мен құзіреттіліктердің бірі. Креативті тұлға – жан-жақты ойлау қабілеті қалыптасқан, кез-келген мәселенің шешімі мен әдісін және жолын табушы, стандартты емес ойлаушы, үрдістер мен факторларды игеруші. Сондықтан, креативті ойлау мен шығармашылыққа жаһандық назар аударылуда және шығармашылық оқыту соңғы жылдардағы білім саласындағы көптеген зерттеушілер мен ғалымдарды алаңдататын мәселеге айналып отыр.
Бұл зерттеуде қазақстандық және түркиялық мектептерде қолданатын 9-шы сыныпқа арналған география пәні мазмұныныдағы креативті ойлау мен шығармашылыққа бағытталған тапсырмалардың ерекшелігі мен деңгейлеріне салыстырмалы талдау жасау көзделген. Мақалада білім алушылардың креативті ойлауын қалыптастырудағы оқыту тәсілдері мен жолдарын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ойлары мен тұжырымдары келтірілді. Отандық және шетелдік оқулықтардың мазмұны мен мәтініне, сұрақтары мен тапсырмаларына салыстырмалы талдау жасалды. Сонымен қатар, креативті ойлауды қалыптастырудағы ерекшеліктер мен проблемалар аталып көрсетілді. Қорытынды бөлімде нәтижелер, тұжырымдар мен ұсыныстар берілді. Бұл ғылыми мақаланың мақсаты оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру ерекшеліктері бойынша мектеп оқулықтарының мазмұны мен мәтінін, берілетін сұрақтары мен тапсырмаларға салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау, ұсыныстар беру.