Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Жарияланған December 2020

167

158

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Аңдатпа

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мамандардың құзыреттілігін дамытудың жолдары, бағыттары мен ерекшеліктері терең қарастырылған. Зерттеу барысында құзыреттілік мәселесі-мен айналысқан бірқатар шетел ғалымдарының зерттеулері мен еңбектері талдауға алынды, соның ішінде кәсіби мамандарды даярлауды дамытуда үлес қосқан Қазақстан ғалымдарының зерттеулері проблеманы шешуге септігін тигізді. Құзыреттіліктің мәні мен мазмұнын ашу үшін «педагогтың кәсіби құзыреттілігі», «инклюзивті құзыреттілік» және «кәсіби құзыреттілік» ұғымы әртүрлі аспектіде терең қарастырылды. Инклюзивті білім беру үрдісінде болашақ маманның құзыреттілігін дамыту үшін қолданылатын инновациялық технологиялар, белсенді әдістер мен құралдарды пайдаланудың мүмкіндіктерін әртүрлі деректере сүйене отырып, зерттеген. Зерттеу проблемасына қатысты мәліметтер талданды. Құзыреттілік ұғымына келетін болсақ, ол болашақ маманның өз іс-әрекетіне деген жауапкершілігі мен іскерлігі. Мақалада ғылыми дереккөздердің негізінде «құзырет», «құзыреттілік», «зерттеу құзыреттілігі» «ғылыми – зерттеу құзыреттілігі» ұғымдарына отандық және шетелдік авторлардың берген анықтамалары бойынша талдау жасалынған.

pdf (Русский)