Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің алдына қойылған міндеттерді тиімді шешуге қабілетті, жоғары кәсіби, оңтайлы теңдестірілген офицерлер корпусын құруға әлеуметтік қажеттілік объективті түрде пісіп-жетілді. Қоғам және мемлекет XXI ғасырдың сын-қатерлеріне барабар әскери білім беру жүйесін жобалау әскери ЖОО оқытушыларын кәсіби педагогикалық қызметке даярлаумен байланысты талаптар қоюда. Көп жағдайда елдің әскери қауіпсіздігін, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың алдын алуды қамтамасыз ететін әскери кадрлардың сапасы мен дайындық деңгейі, сондай-ақ ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін кәсіби армия құру олардың табысты қызметіне байланысты болады. Әскери жоғары оқу орындарының жаңа бастаған оқытушыларының кәсіби қызметке дайындығын дамыту мәселесі түрлі педагогикалық және психологиялық зерттеулердің жіті назарында болғанын атап өткен жөн. Қазіргі педагогика мен психологияда педагогикалық білім мен кәсіби шеберлік жүйесін қалыптастырудың түрлі аспектілері қарастырылды. Ғалымдар оқытушыларды кәсіптік даяр-лаудың жалпы гуманитарлық және арнайы компоненттерін интеграциялау қажеттілігін өзекті екендігін дәлелдеу үстінде. Сонымен қатар жеке тұлғаға бағытталған оқытудың педагогикалық тұжырымдамасын әзірлеу қажеттіктері туындауда, осы мақала сол қажеттіктердің кейбір ішкі мазмұнын ашуға бағытталған.
ӘСКЕРИ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған December 2020
186
102
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Т.Г. Мальгаждарова, Т.М. 2020. ӘСКЕРИ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 4, 71 (Груд 2020), 108–111. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.15.