Мақала білім алушылардың девиантты мінез-құлқының алдын-алу және түзету педагогикасының
теориялық және әдістемелік негіздерін ашады. Ауытқудың мәні, сипаты және ерекшелігі негізделген;
девиантты мінез-құлықты болдырмау және педагогикалық тұрғыдан түзету үшін білім беру мекемелерінің объективті мүмкіндіктері анықталды. Сонымен қатар «Девиант» термині ғылымның қай
салаларында кең таралғандығы, ауытқушылық туралы шетелдік зерттеушілердің тұжырымдамалық
тәсілдерінің алуан түрлерін бірнеше жетекші теориялық бағыттарға, яғни: биологиялық, психологиялық
және әлеуметтік ғылымдар деп топтастырып айтылған. Білім алушыларда кездесетін ауытқудың
салалары, дейгейлеріне сипаттама берілген. Білім алушының девиантты мінез-құлқын зерттеу оны
халықтың басқа топтарынан бөліп және девиацияның өзіне ғана тән әлеуметтік көрсеткіштерін анықтауды талап етеді. Білім алушылардың девиантты сипаттамаларын анықтау кезінде осы жастағы ерекшеліктерді, сондай-ақ қоғамдағы девиацияның жоғары деңгейін тікелей анықтайтын және ұстап тұратын
әлеуметтік өмірдің бірқатар жағдайларын ескеру қажет.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ (ТИПТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ДИНАМИКАСЫ) ПЕДАГОГИКАСЫ
Жарияланған December 2020
73
173
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
девиант, девиантты мінез-құлық, білім алушы, педагогика, әлеуметтану, әлеуметтік ауытқу, субъект.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Г.Баялиева, Т.Н. Жундыбаева, . 2020. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ (ТИПТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ДИНАМИКАСЫ) ПЕДАГОГИКАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 169–176. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.26.