Бүгінгі таңда кәсіби білім берудегі пәнаралық интеграция мәселесін зерттеу тарихи қалыптасқан бағыт болып табылады және оны ғалымдар терең зерттеді. Алайда, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары бағдарланған оқытудағы құзыреттілік тәсілді іске асыру шеңберінде пәнаралық интеграция мәселесі жаңа мәнге ие. Пәнаралық интеграцияның жаңа мағынасының мәні жаһандану, ақпараттандыру, цифрландырудың қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайларына негізделеді. Пәнаралық интеграция жоғары оқу орнының оқу процесі компонент терінің (мақсат, нәтиже, мазмұн, оқыту формасы мен әдістемесі) қолданбалы бағыты болып табылады және болашақ педагогтардың кәсіби іс-әрекеті мазмұны мен технологиясының оқу пәндерімен өзара байланысынан, сонымен қатар жоғары оқу орнындағы оқыту және тәрбиелеу процестерінің келісімділігінен көрінеді. Білім берудің жаһандануы оған кіретін білім беру жүйелері арасындағы айырмашылықтар жойылатын бүкіләлемдік бірыңғай білім беру жүйесін құру процесі деп түсіндіріледі. Білім беруді ақпараттандыру білім беру саласы оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды әзірлеу және оңтайлы пайдалану әдіснамасымен және практикасымен қамтамасыз етілетін процесс болып табылады. Заманауи әлемдегі цифрлық дағдылар қажетті және қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді өзара әрекеттесу қабілеті ретінде тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларымен толықтырылуы тиіс. Қашықтықтан оқыту процесінде компьютерлік байланысты, виртуалды ортаны, онлайн дәрістер мен семинарларды пайдаланумен бейнеконференциялар белсенді қолданылады. Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі сандық дағдыларды дамытуға ықпал ететін компьютерлік құралдар негізінде оқыту болып табылады, өйткені ол студенттің дербес танымдық іс-әрекетіне негізделіп, белсенді және тұлғалық-бағдарлық сипатты иеленген. Жоғарыда айтылғандар пәнаралық интеграция негізінде болашақ педагогтардың цифрлық дағдыларын дамытуды талап етеді. Бұл мақалада пәнаралық интеграция негізінде болашақ педагогтардың цифрлық дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылады, сонымен бірге цифрлық дағдылардың мазмұндық сипаттамасы беріледі.
ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Жарияланған December 2020
190
317
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
цифрлық дағдылар, пәнаралық интеграция, интеграция, дағдылар, жаһандану, ақпараттандыру, цифрландыру.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шолпанкулова Г.К., Колумбаева Ш.Ж., Махметова Б.Т, Г.Ш.Ш.К.Б.М. 2020. ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 95–102. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.13.