Бұл мақала Қазақстандағы инклюзивті мектепке дейінгі білім беру тақырыбына арналған. «Назарбаев Университеті» ДББҰ бір топ ғалымдары Астана және Қарағанды қалаларындағы он үш мемлекеттік балабақшаның арнайы педагогтерін тарта отырып зерттеу жүргізді. 2022 жылдың төрт айында зерттеушілер Қазақстандағы балабақшаларда инклюзивті сынып профилін (Inclusive Classroom Profile – бұдан әрі ICP) зерттеп, сынақтан өткізді. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы жалпы типтегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің жеткілікті дамығанын көрсетті. Ұлыбританияда әзірленген бұл инклюзивті сынып профилі (ІСР) педагогтерге Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру контекстінде бұл құралды пайдалануды бағалауға мүмкіндік берді. Бұл Швециядағы ұқсас зерттеудің қайталануы, сондықтан зерттеу нәтижелері практиктер мен ғалымдар үшін ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де құнды болып табылады.
ИНКЛЮЗИВТІ СЫНЫПТЫҢ ПРОФИЛІ: БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫН МӘДЕНИ ТҰРҒЫДАН РАСТАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Жарияланған September 2024
99
99
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
инклюзивті білім беру
ерте балалық шақ
мектепке дейінгі білім беру
сапаны бағалау құралы,
Қазақстан
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мусабалинова А.А., Полат Ф., Жолдасова К.К., . 2024. ИНКЛЮЗИВТІ СЫНЫПТЫҢ ПРОФИЛІ: БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫН МӘДЕНИ ТҰРҒЫДАН РАСТАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 348–364. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.032.