Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ

Жарияланған December 2020

81

0

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Аңдатпа

Әлеуметтік педагог өзінің іс-әрекетінде дарындылықты тұлғалық дамуды дарынды балаларды оқыту
мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты деп қарастыруды көздейтін интегралды сапа ретінде қабылдауы тиіс.
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс істеуге кәсіби-тұлғалық дайындығы танымдық,
операциялық-әрекеттік, мотивациялық, рефлексивтік компоненттердің тұтастығын көрсететін және оның
дарынды балалармен әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қабілетін анықтайтын
құрылымдық-деңгейлік тұлғалық білім алуы болып табылады. Дарынды балалармен жұмыс істеуге
кәсіби-тұлғалық дайындығының аталған компоненттері әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен
жұмысының негізгі бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, анықталатын танымдық-гнесеологиялық, интегративтік және тәрбиелік, аналитикалық-диагностикалық, болжау және үйлестірушілікұйымдастырушылық, рефлексивтік, реттеушілік және коммуникативтік функцияларды жүзеге асыруын
қамтиды. Әлеуметтік педагог осы бағытта дарынды балаларды анықтау үшін тестілеу критерийлерін
әзірлеуі, дарынды балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту бойынша шығармашылық топтар мен
жеке бағдарламалар құруы, әріптестерімен шығармашылық байланыстар орнатуы және дарынды
балаларға педагогикалық қолдау көрсетуі тиіс.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Г.К. Шолпанқұлова, Д.Ж. Торғауыт, . 2020. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 163–169. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.25.